Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сегіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ. Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен кұттықтаймын!
Наурыздың өзіне тән салтына бағына отырып, әрбіріміз өткен жылғы өкпемізді ұмытып, татуласайық. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады ғой.
Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!
Наурыз с древнего фарси переводится как «Новый день», а означает оно начало нового года. Это когда зима отходит, а все живое на земле оживает, молодеет, природа зеленеет. В этот день земля и все живое освобождается от холодных объятий зимы, у всех праздничное настроение, и я хочу поздравить всех с этим радушным восточным праздником!
Как принято в этот праздник, давайте забудем прошлые обиды, оставим их в прошлом году, давайте дружить. С благословением старших, давайте поздравлять друг друга. Потому что пожелания, которые мы проговариваем в этот день обязательно сбудутся.
Пусть праздник Наурыз принесет вам в этот год благосостояния!